Биыл Бүкіләлемдік Үкіметтік емес ұйымдар күніне орай Гранттық оператор және 5 үкіметтік емес ұйым бірігім ҮЕҰ өкілдеріне арналған мастер-класстар өткізді. Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ төрайымы Батима Мукина 25 күні Бүкіләлемдік ҮЕҰ күніне орай өткен салтанатты шарада хабарлады.
Іс-шараның басты мақсаты - жас және кәсіби ҮЕҰ-ларды қолдау, тәжірибе алмасу, азаматтық сектор, бизнес құрылым өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен мемлекеттік органдардыңарасындағыәріптестіктіорнату.Жастаржылыаясындажастарұйымдарының әлеуетінкөтеругежәнедамытуғада үлкенкөңілбөлінеді.
«Биылғы жылы біздің жоспарларымыз өте көп. ҮЕҰ-ға қолдау көрсету үшін барлығы 3 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр. Осы жылы біздің орталық 100 астам әлеуметтік жобаны қолға алғалы отыр. Біздің шараға Алматы, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстарынан келген 150 астам ҮЕҰ өкілдері қатысып жатыр. Шара аясында мастер-класстар ұйымдастырылды, сондай-ақ, мемлекет тарапынан берілетін гранттармен қатар, өз бастамасымен үнемі жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар да марапатталады. Мұндай іс-шаралар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттырып, жалпы азаматтық қоғамды дамытатынына сенімдіміз»,- деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрайымы Батима Мукина.
Шараны ұйымдастыруға Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «АРГО» азаматтық қоғам қауымдастығы, Қазақстан жастарының конгресі, Ұлттық волонтерлік желі және «Болашақ» қауымдастығы ат салысты.
«Дүниежүзілік ҮЕҰ күні - үкіметтік емес ұйымдарға, мемлекеттік органдарға бір-бірін, донорлармен, бизнес өкілдерімен кездесіп, бір-бірімен әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін қажетті тәжірибе. Барлығымыз үшін өте ыңғайлы әрі жақсы іс-шара», - деді ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Коновалов С.А. Салтанатты іс-шараға трансұлттық корпорациялардың және шетел қорларының өкілдері де қатысты. Қазақстанның Азаматтық Альянсының директорының айтуынша, бұл кездесу елдегі донорлар мен үкіметтік емес ұйымдарды біріктірудің ерекше жолы. «Қатысушыларға арнап сапалы мастер-класстар ұйымдастырудық деп ойлаймыз және мастер-класстар ұйымдарды кәсібилендіруге үлес қосады деп үміттенеміз. Бұл іс-шара ҮЕҰ-ға ғана емес, донорларға, демеушілерге және лауазымды тұлғаларға да бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. ҮЕҰ қоғамның дамуына зор үлес қосады, жаһандық гуманистік құндылықтардың тасымалдаушысы болып табылады», - деді өз сөзінде Қазақстан Азаматтық Альянсының директоры Лима Диас. Ұлттық волонтерлер желісінің директоры Татьяна Миронюктың айтуынша, бұл кездесу ҮЕҰ әлеуетін арттырудың бірегей жолы болып табылады. «Біз ҮЕҰ саласындағы қатысушыларға жоғары сапалы білім беруді ұсынамыз және сол арқылы олардың кәсіби дағдыларын арттырады деп үміттенеміз».
Шара соңында 2016-2017 жылдары мемлекеттік грантпен қатар, өз күшімен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген қоғамдық ұйымдарды марапаттау рәсімі өтті.




