«Үкіметтік емес ұйымдар азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру жұмысында маңызды роль атқаруы мүмкін». VIII Азаматтық форум аясында өтіп жатқан салалық кездесуде «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрағасы Бақыт Түменова осындай пікір білдірді.
«ҮЕҰ азаматтардың денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру жұмысында, оларды ақпараттандыру мәселелерінде маңызды роль атқаруы мүмкін. Яғни бүгінгі таңда біз дәрігерлерге үлкен жауапкершілікті жүктейміз. Әр адам өз денсаулығына деген жауапкершілікті дәрігерге жүктей салады. Қоғам жеке күш-жігерін жұмсамай, дәрігерден мәселені шешуін күтеді. Біз бұл модельден басқа модельге көшуді ұсынамыз. Дәл осы алдын алу жұмысында ҮЕҰ алғашқы санитарлық көмек көрсету құрылымымен бірге азаматтардың жеке жауапкершілігін арттыруға айтарлықтай әсер етуі мүмкін», - деді Бақыт Түменова.
Сонымен қатар ол қазіргі таңда азаматтардың өмір сүру салтын түзету мәселесі аса өзекті болып отырғанын атап өтті, бұл мәселеде де әр адамның жеке жауапкершілігі маңызды. Қалыптасып қалған дағдыдан бас тарту өте қиын, бұл арада көптеген түсініспеушілік туындап жатады, бірақ осы бағытта жұмыс жасау қажет. Осы мәселеде тыйым салу емес, өмір сүру салтын түзету әдістемесін пайдаланған маңызды. Бұл ұзақ процесс, бірақ бұл жол тыйым салуға қарағанда тиімдірек, Мысалы, түсік жасауға тыйым салу криминалды түсік жасауға алып келсе, ішімдікке тыйым салу контрафактілік өнімдердің пайда болуына әкеледі. ҮЕҰ азаматтардың жеке жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыстарға қатысуға дайын», - деп атап өтті Бақыт Түменова.
Айта кетейік, Астанада «Азаматтық қоғам және мемлекет; Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VIII Азаматтық форум өтіп жатыр.