ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түрмеде отырғандардың санын азайту процесі жалғасатынын айтты. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумда мәлімдеді.
«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің хатшысы Сәуле Мектепбаева түрмеде отырғандардың санын азайту мәселесін көтерді. Бұл тақырып маған да қатты тиеді. Мемлекет әрбір айыпқа байланысты түрмеге қамамау үшін заңды өзгертті. Түрмеден адам жақсы болып шықпайтынын бәріміз білеміз. Біз онда тәрбиелемейміз, адамды басқа жаққа қарай итереміз. Сол себепті кішкентай айып үшін ақшамен жазалау қажет. Осылайша заңнаманы өзгерту түрмеде отырғандардың азаюына әкелді. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, форумның күн тәртібіндегі басты тақырып - азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасының жобасын талқылау. Шара соңында үздік үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік сыйлықпен және «Таным» қоғамдық сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді.