Қазақстанның VIII Азаматтық форумындағы салалық кездесуде еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың аса тиімді жұмыстарын атап өтті.
«Мен біздің әріптестерге, оның ішінде «С гепатитімен ауыратындар қоғамына» науқас жандарды дәрілермен қамтамасыз ету бойынша бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғыс білдіргім келеді. Егер бұрын біз вирусқа қарсы терапиямен шамамен 2 мың науқасты қамтамасыз етсек, енді осы ҮЕҰ арқасында біз сол ақшаға көбірек препарат сатып алуға және 20 мың науқасты, яғни 10 есе көп науқасты қамтамасыз етуге мүмкіндік алып отырмыз. Бізде қазіргі таңда барлық С гепатитімен ауыратын науқастарды осы терапиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар», - деді министр.
Сондай-ақ ол медициналық бизнес саласындағы ҮЕҰ жұмысының нәтижесінде медициналық қызметтерді жеткізушілердің арасында жеке сектордың үлесі екі есе өскенін атап өтті.
Сонымен қатар министр «Бүйректі трансплантациялаудан кейінгі науқастар қоғамына» алғысын білдірді, олардың арқасында осы күрделі операциялардан кейін науқастарды дәрілермен қамтамасыз етудегі күрмеулі мәселелер шешіле басталды.
«Сондай-ақ ВИЧ-пен ауыратын адамдарды біріктіретін ҮЕҰ атап өткім келеді. Олардың бірлескен іс-қимылы арқасында қазіргі қолданыстағыдан анағұрлым тиімді заманауи препараттарды келесі жылға арналған емдеу схемасына қостық. Гематология мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеген ҮЕҰ алғысымды білдіремін. Осы ынтымақтастықтың арқасында сүйек кемігін трансплантациялау саны екі есеге ұлғайды. Мен болашақта одан да көп жұмыстар атқарылатынына сенімдімін», - деп атап өтті министр.
Айта кетейік, Астанада «Азаматтық қоғам және мемлекет; Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VIII Азаматтық форум өтіп жатыр. Форум аясында министрліктер және ведомстволар өкілдерімен салалық кездесулер ұйымдастырылған.