Астанада қоғамдық кеңестердің II Республикалық Мәжілісі өтеді

8 ақпан күні Астанада қоғамдық кеңестердің II республикалық мәжілісі өтеді. Іс-шараның мақсаты - кеңестердің жұмыс істеу механизмін және  алдағы ҚК қатысушыларын сайлау негізінде оны жетілдіру жолдарын талқылау. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен қоғамдық кеңестер, мемлекттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының 300 жуық өкілі қатысады.

Республикалық мәжілістің басты міндеті – өткен жылдағы қоғамдық кеңестердің жұмысын қортындылау мен талдау, болашақтағы қызмет бағытын анықтау. Іс-шара аясында «Қоғамдық кеңестер: қызмет практикасы және одан әрі дамыту» пленарлық отырысы, «Қоғамдық кеңестердің болашағы» панельдік отырысы, «Нормативтік-құқықтық актілерді қоғамдық сараптаудың практикалық аспектілері», «Қоғамдық тыңдауларға қатысу арқылы азаматтарды талқылауға және шешімдер қабылдау процесіне тарту»,  «Қоғамдық кеңестердің қоғамдық бақылау жүргізу тәжірибесі оқыту семинар тренингтер, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінің, маслихат хатшыларының, облыс пен қала әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өтеді.

«Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іс-шараны ұйымдастырып отыр.  

Еске сала кетсек, қоғамдық кеңес (ҚК) - бұл халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір. Кеңестер азаматтардың құқығы мен бостандығын қозғайтын мемлекеттік шешімдерді, бағдарламалық құжаттар жобаларын қабылдауда ашықтықты арттыруға жұмыс істейтін консультативтік-кеңестік және бақылаушы органдар болып табылады.

Уақыты :9:30, 8 ақпан

Өтетін орны: Астана қ, Тұрар Рысқұлов 6/1 көшесі, Wyndham Garden Astanа қонақ үйі.

БАҚ өкілдеріне аккредитация және сұхбат ұйымдастыру сұрақтары бойынша:

Айгерим Оразбаева +7 747 783 03 59, aigerim@gakaz.kzхабарласуыңызды сұраймыз.