Астанада қарашаның 27-28 күндері екі күнге жалғасқан VIII Азаматтық форумы «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» президенті Асылбек Қожахметовтың қорытынды сөзімен ресми түрде «жабық» деп жарияланды.
«Форум сіздерге зор қуат, зор үміт, көптеген жаңа білім берді деп сенемін. Сондай-ақ мұның бәрі сіздер өңірлерге, ауылға жеткен соң қызметтеріңізге жаңаша көзқараспен қарауға, Қазақстанды үйлесімді, тең, әділ дамытуға басқа да шешімдер табуға мүмкіндік берді деп санаймын. Барлықтарыңызға үлкен рақмет айтамын», - деді Асылбек Қожахметов.
Сондай-ақ Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев форумға дайындық екі ай бойы жүргенін, жұмыстың нәтижесін алдағы уақытта көру мүмкін болатынын айтты.
«Баршамыз осы жұмысты әрі қарай жалғастыруға дайын болайық. Дұрыс бағытта жұмыс істеуге бәрі дайын деп ойлаймын», - деді Дархан Кәлетаев.
Форум соңында қатысушылар естелік фотоға түсті.